banner

Astrazeneca Қазақстанда өз өндірісін ашуға ниетті

387

Astrazeneca Лондонда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойды.  

Astrazeneca Қазақстанда өз өндірісін ашуға ниетті Фото: gov.kz

Лондонда сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының 9-отырысы шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен "AstraZeneca" халықаралық биофармацевтикалық компаниясының арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Меморандумға қол қою халық үшін инновациялық дәрілік препараттардың қолжетімділігін арттыруды, Қазақстан аумағында орналасқан өндірістік қуаттарда дәрілік заттардың келісімшарттық өндірісін кеңейтуде өндірушілерді ынталандыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының фармацевтикалық индустриясын дамытуға ықпал ететін болады", - деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев.

Оның айтуынша, ірі британдық фармацевтикалық компаниямен әріптестікті нығайту Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне неғұрлым заманауи және тиімді халықаралық практикаларды интеграциялауға, ҚР мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің арасында денсаулық сақтау, медицина ғылымы және білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.

Құжатқа қол қою барысында тараптар британдық фармакомпанияның қазақстандық өндірістің негізінде инновациялық препараттарды оқшаулауға жәрдемдесу мүмкіндігін талқылады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу