Фермерлердің 36, 9 миллион теңге қарызы қайтарылды

1061

Фермерлердің 36, 9 миллион теңге қарызы қайтарылды

Сатылған астық үшін "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ-дан төлемдерін алмаған фермерлердің қарызы ішінара өтелді, деп хабарлайды "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Осыған дейін хабарлағандай, ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерден (АШТӨ) интервенциялық сатып алу бағдарламасының аясында "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ҰК" АҚ 11 млрд тенгеге жуық қаржы көлеміне 261 мың тонна бидай сатып алған болатын.

Сатып алу "Ақпараттық-есептеу орталығы" АҚ (АЕО) дайындаған және қызмет көрсететін www.minagro.kz интернет-ресурсындағы астық қолхаттарының ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл ұйым, сонымен қатар, сатып алу аясында азық-түлік келісім шарт корпорациясынан түсетін қаражатты үлестіруші болып табылады.

АЕО қызмет көрсететін "Банк Астаны" АҚ-да орын алған қаржы тұрақсыздығына байланысты, бағдарламаның қатысушылары болып табылатын 5 ауылшаруашылық тауарын өндірушіге азық-түлік келісім шарт корпорациясына сатылған бидайдың төлемін қабылдай алған жоқ.

Қазіргі сәтте бұл мәселенің шешімін мүдделі ұйымдар біріге іздеуде. 

Сондай-ақ, азық-түлік келісім шарт корпорациясының атап өткен банкте 430 млн теңге қарызы бар өзінің контрагентімен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде, келесі шешім ұсынылған болатын. Корпорацияның серіктесінің осы қарызды өтеуіне сай, АЕО белгілі бір қаржы көлемін банктің қарызын өтеу үшін ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге жіберіп отырады. Бұл ретте АЕО жіберілетін қаржы көлемдерін және оларды қабылдаушыларды өз бетімен анықтайтын болады.

Осы жылдың 7 маусымындағы жағдайға сай, қарыз алушы жалпы 130 млн теңгені құрайтын қарыздың бірінші траншын орындап, АЕО ауыл шаруашышылық тауарларын өндірушілерге 36, 9 млн теңге аударды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу