Астық бизнесіне қарағанда тауық жұмыртқасын өндіру үлкен кіріс әкеледі

803

Өмірзақ Шөкеев осындай пікір білдірді. 

Астық бизнесіне қарағанда тауық жұмыртқасын өндіру үлкен кіріс әкеледі

"Астық өндіруге қарағанда тауық жұмыртқасын өндіру 3 есе көп кіріс әкеледі",– деді ҚР премьер-министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Министр 2018 жылғы статистиканы келтірді.  

"2018 жылы 5,5 млрд тауық жұмыртқасын өндіріп, бірінші рет 602 млн тауық жұмыртқасын Ауғанстан және Ресей сияқты елдерге экспорттадық. Құс етін өндіру бойынша да өсім көрсетіп отырмыз, Ақмола облысында  60 мың тонна құс етін шығаратын Орталық Азиядағы ең үлкен құс фабрикасы іске қосылғанын білетін боларсыздар", – деді  Шөкеев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу