banner

Астық экспортына шектеу қоюға негіз жоқ – АШМ

679

Орақ науқаны қызған сайын трейдерлер белсене бастады.

Астық экспортына шектеу қоюға негіз жоқ – АШМ

Еліміздің бірнеше өңірінде қуаңшылық байқалғанымен, астық бітік шыққан сыңайлы. Ауыл шаруашылығы министрлігі түсім былтырғыдан кем болмайды деп отыр. Оптимистік болжамдарға сүйенген министрдің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров астық экспортына ешқандай шектеу қойылматынын мәлім етті.

"Егін ору науқаны басталған кезде трейдерлер бағаның құбылуын бағып отырады. Биыл да басында белсенділік төмен болған. Қазір алқаптың 60 пайызынан астамы орылғаннан кейін белсенділік артты. Қазір олар белсенді түрде сатып алып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі астық экспортына тыйым салу мәселесін қарастырып жатқан жоқ. Өйткені биылғы түсім былтырғыдан кем болмайтынына тағы да көзіміз жетіп отыр. Сондықтан экспорттық әлеуетімізді ұстап тұрамыз. Біріншіден, дәстүрлі нарықты сақтаймыз. Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Иран сияқты негізгі елдерді қосқанда шамамен 40 мемлекетке 8 млн тоннадай астық сатылады деген болжам бар", – деді вице-министр.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу