Астық экспортындағы кідірістің себебі айтылды

Бұл жайт биылғы рекордтық өнім мен көрші елдер тарапынан сұраныстың күрт өсуімен байланысты болып отыр. 

Астық экспортындағы кідірістің себебі айтылды Фото: ҚТЖ

"Астық Транс" АҚ вице-президенті Жандос Қуанышев Қытай және Өзбекстан бағыттарында қазақстандық астық тиелген вагондардың тұрып қалуына түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Оның сөзінше, қазақстандық астықтың тең жартысы Өзбекстанға экспортталады. Десе де, қазіргі уақыттағы өзбек терминалдары мен элеваторларының өткізу қабілетінің төмендеуінен тәулігіне қабылдайтын жүк көлемін 36 құрамнан 30-ға дейін қысқаруға мәжбүр болған. 

– Сол себепті Қазақстан өз бағыттарында қозғалыстың тоқтап қалмауы үшін жөнелтулерді уақытша шектеуге мәжбүр. Шекараның арғы бетіндегі уақтылы түсірілмеу жолаушылар мен ішкі тасымалдардың жүруіне кедергі келтіруі мүмкін, – деп нақтылады Жандос Қуанышев. 

Дәл осыған ұқсас жайт Қытай бағытында да тіркеліп жатыр. Қазақстандық экспорт көлемі Қытайдың қайта тиеу инфрақұрылымының өткізу мүмкіндігінен асып түскен. 

Сонымен қатар, шекарада астық сапасын анықтайтын зертханалардың болмауы да қосымша кідіріс туғызуда. Амалсыздан талдауларды Үрімшіге немесе Бейжіңге жіберуге тура келеді. Бұл өз кезегінде жүктің рәсімделу уақытын соза түседі. 

Айта кетейік, "Қазақстан темір жолы" компаниясы астық тасымалын ерекше бақылауда ұстауда. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу