Мамандар жабдықтың, қойма қуаттылығының жай-күйін бағалап, объектілердің биылғы астықты қабылдауға дайындығын тексерді, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Сондай-ақ логистика мен жеткізу схемасы мәселелерін талқылады. Ақмола облысы еліміздің негізгі астық өндіретін өңірлерінің бірі болып қала береді: оның үлесіне Қазақстан бойынша барлық астық тасымалдарының жартысына жуығы тиесілі.
2025 жылдың 8 айында өңірден 4,7 млн тоннадан астам астық тиелді, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 2,3 млн тоннаға артық.
Орталық Азия елдеріне 1,6 млн тонна, алыс шет елдерге 1 млн тоннадан астам астық жөнелтілді. Ауғанстанға 30 мың тоннадан астам, Түркияға – 22,8 мың тонна, Қытайға – 910 мың тоннадан астамы бағытталды.