Астық жинау науқаны аяқталысымен нан бағасы қымбаттауда

720

Егін жинау науқаны аяқталысымен Қостанай облысында нан бағасы қымбаттауда, деп хабарлайды Аtameken Business.  

Астық жинау науқаны аяқталысымен нан бағасы қымбаттауда

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тізіміне енген бірінші сұрыпты нан 85 теңгеден 115 теңгеге дейін көтерілді. Шикізаттың қымбаттауына орай тәтті тоқаштардың да құнын бұрынғы бағамен ұстап тұра алмаймыз, –  дейді наубайхана иелері.   

Атырауда да азық-түлік бағасы шарықтап барады. Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 11 процентке өскен. Мәселен, макарон, сұйық май және тоңмайдың құны 17 пайызға көтерілсе, жұмыртқа 13, сүт өнімдері мен жеміс-жидек 11 пайызға артты.  Тіпті, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы да "аспандап" тұр.    

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу