Асылы Османға II дәрежелі "Барыс" ордені табысталды

135

​Алматыда белгілі ғалым, қоғам қайраткері, Алматының құрметті азаматы және ҚР Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Асылы Әлиқызы Осман жоғары мемлекеттік наградамен марапатталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Асылы Османға II дәрежелі "Барыс" ордені табысталды Фото: Алматы әкімдігі

Оған II дәрежелі "Барыс" ордені Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілді. Президент атынан орденді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды табыстады.

Асылы Осман ұзақ жылдар бойы қазақ тілінің мәртебесін көтеруге, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосып келеді. Ол Мемлекеттік тіл қауымдастығын басқарады. Ғалымның қаламынан 200-ден астам ғылыми және аударма мақала жарық көрген.

Мемлекет басшысы қоғам қайраткерінің мемлекеттік тілді дамытуға, елдегі тұрақтылық пен қоғамдық бірлікті нығайтуға сіңірген еңбегін жоғары бағалады.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды да Асылы Османның қаланың қоғамдық және мәдени өміріндегі айрықша орнын атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу