"Ата-анам да, денсаулығым да жоқ": Бетперделі жігіт жас қыздың еміне 40 млн теңге беріп, үй сыйлады

1862

Әлеуметтік желіде бейнежазба пайда болды.

"Ата-анам да, денсаулығым да жоқ": Бетперделі жігіт жас қыздың еміне 40 млн теңге беріп, үй сыйлады Фото: Бейнежазбадан

"Бетперделі жігіт" лақап атымен танылған қазақстандық блогер ауыр дертпен күресіп жүрген 20 жастағы Бибіжанға көмек қолын созды. Жас қызға баспана беріліп, қымбат ота жасауға қаржылай көмек берілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бибіжан созылмалы бүйрек жеткіліксіздігімен ауырады. Екі бүйрегі жұмыс істеметіндіктен, ол гемодиализ аппаратының көмегіне жүгініп отыр. Ол ата-анасы қайтыс болғаннан кейін пәтер жалдап тұрған. Оның өз атында баспанасы болмаған. 

"Менің ештеңем жоқ екенін түсіндім. Ата-анам да, денсаулығым да, баспанам да жоқ. Осы әлемде жалғыз қалғандай болдым", – деді Бибіжан.

Бүгінде оған Беларусьте бүйрек трансплантациясын жасату үшін 40 млн теңге қажет. Бетперде таққан жігіт Бибіжанға жеке жолығып, емге қажетті ақшаның жиналғанын айтты. Бұдан бөлек ол қызға пәтер кілтін табыстады.

Қазақстандықтар Бетперделі жігіттің әрекетіне тәнті болып, оған алғыс айтып жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу