Ата заңда адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет нақты бекітілді

128

Жаңа Конституция жобасы 11 бөлімнен, 95 баптан тұрады. 

Ата заңда адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет нақты бекітілді Фото: Конституциялық сот

Конституцияда адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет нақты бекітілді. Бұл туралы Конституциялық сот төрағасының орынбасары, комиссия мүшесі Бақыт Нұрмұханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Конституцияның сегізінші бөлімі "Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері" деп аталады. 

"Оған Сот билігіне, прокуратура органдарына, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге, адвокаттарға және заң көмегін көрсететін өзге тұлғаларға қатысты ережелер енді. Сот ісін жүргізу нысандарының қатары артты, сот төрелігінің конституциялық қағидаттары күшейтілді, судьялардың тәуелсіздігі нығайды, сот жүйесінің кадр мәселелері шешілді", – деп атап өтті Бақыт Нұрмұханов.  

Сондай-ақ Конституцияда адвокатураның құқықтық мәртебесі алғаш рет нақты бекітілді.

Сонымен қатар ол Конституцияның жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару мәселелеріне арналған тоғызыншы бөлімі Құрылтайдың құрылуы және елімізде жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаны ескере отырып қайта қаралғанын айтты. Бірқатар нормалар нақтыланып, мемлекеттік басқарудың жаңа жағдайларына бейімделген.

"Бұл бөлімнің жаңартылуы мемлекет пен қоғамның жергілікті деңгейдегі өзара іс-қимылын тиімді етуге деген ұмтылысты көрсетеді", – деді Конституциялық Сот төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу