Ата заңның кіріспе бөлімін ұлттық құндылықтарымызға сай қайта жазу қажет – Президент

Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, 2 айдың ішінде кезектен тыс Президент сайлауы өтетінін жеткізді.  

Ата заңның кіріспе бөлімін ұлттық құндылықтарымызға сай қайта жазу қажет – Президент Фото: check-point.kz

Кәсіби заңгерлер Мемлекет басшысына Ата заңның мәтініне қатысты пікірін білдіріп, өзгерту туралы ұсыныс та айтқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

– Конституциямыздың мәтінінде жекелеген қателер бары анықталды. Кезінде терминологиялық, стильдік кемшіліктерге жол берілген. Конституциялық реформа аясында осы олқылықты да түзеуіміз керек.

Бұл жұмысқа заңгерлермен қатар, білікті тіл мамандары шақырылады. Тағы бір маңызды мәселе. Біз Ата заңның преамбуласын ұлттық құндылықтарымызды айшықтап, қанша заман өтсе де, өзекті болып қала беретіндей етіп қайта жазуымыз керек.

Онда қазақ жеріндегі өркениет пен мемлекеттіліктің тарихы терең екені нақты көрініс табуға тиіс. Сол арқылы біз Қазақстанның Ұлы даладағы ұлы мемлекеттердің мұрагері екенін паш етуіміз керек.

Бұдан бөлек, Конституциямызға "Біз бәріміз Әділетті Қазақстанды ең жоғары мақсат ретінде көздейміз және оған жетеміз" деген қағидатты енгізуіміз керек, – деді Мемлекет басшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу