Аталған сапар тарихтағы айтулы оқиғаға айналды – Шавкат Мирзиёев

73

Шавкат Мирзиёев бүгінгі келіссөздер екіжақты ықпалдастықтың кең көлемді бағыттарын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Аталған сапар тарихтағы айтулы оқиғаға айналды – Шавкат Мирзиёев Фото: Ақорда

– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бұл сапары екі ел арасындағы одақтастық қатынастардың деңгейі жоғары екенін тағы да растады. Аталған сапар біздің көпжоспарлы ынтымақтастығымыздың жаңа тарихындағы айтулы оқиғаға айналды және байланыстарымызды арттыруға тың серпін берді. Қол жеткізілген уағдаластықтар мен келісімдер серіктестігімізді нақты мазмұнмен толықтырып, бірлескен жобалардың көкжиегін кеңейтіп, бауырлас екі елдің дамуына берік негіз қалайды, – деді Өзбекстан Президенті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу