Атамбаев пен Жапаровтың жақтастары алаңда жаға жыртысты

676

Бішкекте экс-президент Алмазбек Атамбаев пен бұрынғы депутат Садыр Жапаровтың жақтастары Ала-Тоо алаңын бөлісе алмады.  

Атамбаев пен Жапаровтың жақтастары алаңда жаға жыртысты

Митингке шыққан қос тарап бір-біріне тас пен бөтелке лақтырып, төбелесуге дейін барды, деп хабарлайды Аtameken Business.

Оқиға куәгерлері белгісіз тұлғалардың жеңіл көліктен оқ атқанын да желіде таратып жатыр. Қазірдің өзінде жарақат алған адамдар бар екені белгілі. Зардап шеккендердің бірі "Атамекен" партиясының көшбасшысы Тилек Токтогазиев. Оқ өтпейтін көкірекше киіп, алаңға келген оның басына тас тиіп, есінен танды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу