Atameken Business-де "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

1205

Atameken Business-де "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы

Цифраландыру - қазіргі таңдағы барлық саланы қамтып тұрған жаңашылдық. 15-тен астам ел осындай мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруда. Соның бірі - Қазақстан. Еліміз осылайша дамудың жаңа сатысына көтерілмек және солол үшін де 5 бағыт-бағдары бар цифрландыру бағдарламасын іске қосты. Атамекен Бизнес арнасында бүгін, яғни қаңтардың 30-ы сағат 22:15-те осыған байланысты сарапшылар мен мемлекеттік қызметтегі жоғары лауазымды тұлғалардың пікірі айтылады. Арнайы жобаның қонақтары нендей мәселені талқылайды - Жалғас Зейнолланың материалында.

Алдағы 4 жылда еліміз "Цифрлы Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 141 млрд теңге жұмсамақ. Бұл сандық технологияларды экономиканың барлық саласына тиімді әрі жедел енгізуге қолайлы жағдай жасамақ

Қайрат Балықбаев, ақпарат және коммуникациялар вице-министрі:

"Біз жаңа парадигма жасамақшымыз. Мемлекет мұнда алаң ретінде болады. Бұл жаңа платформаны жеке сектормен бірлесіп ашамыз. Сонда ғана мемлекеттік қыззметтер, олардың сапасы, тиімділігі халыққа қолжетімді болады".

Ғаламдық нарықта қазір түсем десең тәуекел көп. Солардың бірін реттеп, бірін жою үшін мемлекет экономиканың ісіне белсенді араласа түседі. Халықты әлеуметтік тұрғыда қорғау да ең басты мәселе болғандықтан, мемлекеттің экономикаға қажетсіз кірісуі тиімсіз нәтиже әкелуі мүмкін.

Рақым Ошақбаев, "Талап" Қолданбалы зерттеу орталығы" ҚҚ директоры:

"Мен білікті мамандардың жеткіліксіздігін алға тартар едім. Мен айти саласының маманы емеспін, бірақ кэономист ретінде айта аламын. Ал менің ойым бойынша айти саласындағы мәселе, цифрландыруды тежеп тұрған мәселе бұл мамандардың тапшылығы".

Бүгінде мемлекеттік ұйымдар цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізуде. Атап айтсақ, бас прокуратурада барлық әкімшілік айыппұлдардың бірыңғай базасы құрылған. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадамдар Қазақстанды цифрландыру бойынша отыз дамыған елдің қатарына кіргізеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу