Atameken Business теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады

658

Atameken Business теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады

Atameken Business оқырмандарға алдағы аптаға теңгенің доллар мен рубльге қатысты валюта болжамын ұсынады.

Өткен апта бойы теңге бағамы құлдырап бара жатқан мұнай бағасына сәйкес келді, қазіргі кездегі мұнай бағасы сарапшылар атап өткендей, соңғы бес айдағы ең төменгі көрсеткішті көрсетіп отыр. Сонымен бірге өткен аптада АҚШ федералды резервтік жүйесінің пайыздық мөлшерлемені 0,25%-ға төмендету туралы қабылдаған шешімі де валюта бағамына әсер етпей қоймады. Сарапшылардың пікірінше, жақын болашақта энергия тасымалдаушылар нарығындағы жағдай Қазақстан валютасының бағамына едәуір әсер етеді. Алайда "қара алтын" бағасы қалайша өзгереді деген мәселеде сарапшылардың пікірі бір жерден шықпады. Сарапшылардың бір бөлігі баға төменгі деңгейде сақталады десе, енді бір бөлігі керісінше, Brent маркалы мұнай барреліне 50 долларға дейін көтеріле алады деп ойлайды. Ойыншылардың пікірін abctv.kz әзірлеген сауалнамадан толығырақ оқи аласыздар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу