"Atameken Business" тележүргізушісі "Nur Sunqar" байқауында жеңіске жетті

1135

Биыл республикалық байқауға 291 өтініш түскен.

"Atameken Business" тележүргізушісі "Nur Sunqar" байқауында жеңіске жетті

"Atameken Business" телеарнасының жүргізушісі Мейрамгүл Мәдәлі "Nur Sunqar" байқауындағы "Телевизия үздігі" номинациясында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook-тегі парақшасында журналистерді БАҚ мерекесімен құттықтап, "Nur Sunqar" байқауында жеңіске жеткендердің есімін жариялады.

Оның айтуынша, осы жылы республикалық байқау 12-рет ұйымдарылып отыр. Осы уақыт аралығында "Nur Sunqar" журналистер арасында беделге ие болған.

"Өкінішке қарай, пандемия өмірімізге айтарлықтай өзгеріс енгізді. Қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, екінші жыл қатарынан байқауды онлайн-форматта өткізіп жатырмыз. Биыл байқауға 291 материал түсті. Байқау комиссиясы 8 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады", - деп жазды Бауыржан Байбек.

Ол Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай байқауға еліміздің жетістіктері туралы үздік материал – "Тәуелсіздік тағылымы" номинациясы енгізілгенін атап өтті.

"Партия басшылығы және өз атымнан "Nur Sunqar-2021" сыйлығының жеңімпаздарын құттықтаймын! Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, медиа саласының барлық өкілін кәсіби мерекелері – БАҚ қызметкерлері күнімен құттықтаймын. Оларға зор денсаулық, амандық, шығармашылық табыс тілеймін", - деді "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары. 
Партияның баспасөз қызметінің мәліметінше, "Елбасы салған сара жол" номинациясында "Орталық Қазақстан" газетінің журналисі Ерсін Мұсабеков, ал "Тәуелсіздік тағылымы" номинациясында "Ана тілі" газетінің журналисі Нұрперзент Домбай, "Аzattyq-ruhy.kz" ақпарат-талдау агенттігі бас редакторының орынбасары Ардақ Сейітқазин жеңімпаз атанды.

 

 

"Телевизия үздігі" номинациясында "Atameken Business" телеарнасының жүргізушісі Мейрамгүл Мәдәлі жеңіске жетті.

 

 

 

 

 

"Партия жаршысы" номинациясында "Хабар" телеарнасының журналисі Ирина Камышованың еңбегі жоғары бағаланды.

"Блогосфера үздігі" номинациясында "Newsroom.kz" интернет-ресурсының бас редакторы Олжас Беркінбаев, "YouTube Үздігі" номинациясында журналист Нартай Аралбайұлы жеңімпаз атанды.

"Ұшқыр қалам" номинациясын "Астана ақшамы" газетінің журналисі Қалиәкбар Үсемханұлы алса, "QazNet Үздігі" номинациясында "Tengrinews.kz" ақпарат-порталының журналисі Ренат Ташкинбаев пен фотограф Тұрар Қазанғапов жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу