"Атамекен" ҚР ҰҚП басқарма құрамы жаңарды

867

"Атамекен" ҚР ҰКП Төралқасы шешімімен Шыңғыс Темір, Талғат Темірханов және Нариман Әбілшайықов Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма құрамына кірді. Кандидаттар Төралқа мүшелерінің дауыс беруімен бекітілді. Бұл туралы палатаның ресми сайтында хабарланды.

"Атамекен" ҚР ҰҚП басқарма құрамы жаңарды

"Атамекен" Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов жаңа мүшелерге қызметте табыс тіледі. Қазіргі кезде Ұлттық палата өз алдына ауқымды міндеттер қойып отыр, олардың ішінде цифрлық экожүйені құру, салық заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ бизнесті реттеудің жаңа нормативтік-құқықтық базасын әзірлеу бар.

Абылай Мырзахметов Басқарманың жаңарған құрамы – жас, бірақ ҰКП құрылымында үлкен тәжірибеге ие менеджерлермен толыққанын атап өтті.

Темір Шыңғыс Саматұлы "Атамекен" құрылымында 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Қызметтің 6 жылы ішінде Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау департаменті сарапшысынан бастап, ҚР ҰКП Басқарма төрғасының орынбасарына дейін қызметті өтті. Жаңа қызметте Темір Шыңғыс заңнама және өзін-өзі реттеуді дамыту, салық салу, қоғамдық мониторинг және әкімшілік кедергілермен жұмыс, кәсіпкерлерді құқықтық қорғау және кедендік әкімшіліктендіру департаменттеріне жетекшілік етеді.

Әбілшайықов Нариман Бақытбайұлы 2019-2020 жылдар аралығында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасын басқарды. ҰКП құрылымында 4 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Өңірлік даму департаменті директоры, сондай-ақ Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасын басқарды.

Басқарма төрағасының орынбасары ретінде агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі, өңірлік даму, сауда, жаппай кәсіпкерлік және микроқаржыландыру мәселелерін қадағалайтын болады.

Темірханов Талғат Кеңесұлы Ұлттық кәсіпкерлер палатасына дейін Тау-кен қазу және тау-кен металлургия кәсіпорындарының қауымдастығында Экология және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментін басқарған.

2019 жылдан бастап "Атамекен" ҚР ҰКП Базалық салалар және экология департаментінің директоры болды. Басқарма төрағасының орынбасары ретінде ол базалық салалар мен экология, логистика және көлік-экономикалық интеграция бөлімдерінің жұмысын қадағалайды.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу