"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен "Атамекен" ҚР ҰКП төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев қордың және палатаның өзара іс-қимылының перспективалық міндеттерін талқылады, деп хабарлайды atameken.kz.
Айта кетейік, биылғы жылдың мамыр айында қор мен ҰКП арасында қор компанияларымен өндірістік компанияларға ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасуға, сондай-ақ бизнестің өсіуін қамтамасыз етуге және отандық өндірушілерді қолдау үшін тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін келісімге қол қойылды.
Кездесу барысында тараптар құжатты іске асырудың жаңа форматтарын талқылады. Атап айтқанда, Ахметжан Есімов алдын ала төлем жасау арқылы ұзақ мерзімді тапсырыстар алуға мүмкіндік беретін механизм өзара іс-қимылдың бір түрі оффтейк-келісім – шарттарға назар аударды.
"Біз қазақстандық өндірушілерді қолдауға тиіспіз, оның үсітіне бұл біздің компания үшін тиімді. Біз оффтейк-келісім-шарт жасасамыз, өйткені бұл тауарлар сұранысқа ие. Сонымен қатар, отандық өндірушілер ғана емес, сапасы мен құны сай болуы тиіс екендігін ұмытпау керек",– деді Ахметжан Есімов.
Келісім шеңберінде қордың барлық еншілес компанияларында импорт алмастыру жөніндегі орталық жобалық және жергілікті кеңселерде құрылды, қордың сатып алу ережелері жетілдірілді, оның ішінде "қарапайым заттар экономикасы" бойынша барлық еншілес компанияларға бағытталған 3000 тауар позициясынан номенклатура қалыптастырылды. Бұдан басқа, холдингішілік сатып алу көлемі 4500-ден 299 позицияға дейін қысқарып, бәсекелестік ортаға сатып алу 618 млрд теңге берілді, бір кеөзден сатып алу көлемі 1,5 есеге қысқарды.
"Қазір қазақстандықтардың үлкен бөлігі жеке кәсіпкерлікте жұмыс істейді және ұзақ мерзімді тапсырыстар есебінен оларға айтарлықтай қолдау көрсетуге болады. Олар өз кезегінде өз қызметкерлерінің жалақысын көтере алады. Кем дегенде, бұл қоғам үшін елеулі тұрақтандырушы әлеуметтік рөл атқаратын қордың сатып алу жүйесіне енгізу кезінде көзделген қарама-қарсы міндеттемелердің бірі. Көрсетілген қызметтер мен жеткізілген тауарлар үшін төлем мерзімінің 20 күнге дейін қысқаруы өте маңызды. Қазір қаржы алатын жер жоқ, бар компаниялар қайта кредиттеледі. Өкінішке орай, қарыз алушыларға осындай талаптарды Ұлттық банк белгілеген, бұл нақты секторды қаржыландыру күрт қысқарды. Біз талқылайтын офсеттік саясат пен ұзақ мерзімді келісім шарттар жүйесі өндірушілер үшін өте маңызды", –деп атап өтті Тимур Құлыбаев.
Кездесу барысында "Атамекен" басшысы өндірістің сапасын жақсарту және оқшаулануын арттыру бойынша Бизнестің қарсы міндеттемелерін қарастыруды ұсынды. Оффтейк-келісім-шарттар мен РФ тәжңрибесі бойынша жаңа өндірістер құру кезінде ҒЗТК, КБ бойынша жұмыстарды қаржыландырумен, сызбаларды сатып алумен, мемлекеттік институттар тарапынан әлемдік аналогтарды зерделеумен отандық тауар өндірушілерге жәрдем көрсету ұсынылды.
Жыл соңына дейін кемінде 10 оффтейк-келісім-шарт жасасу жоспарланған. Бүгінгі таңда трансформаторлар мен вагон баяулатқыштарына 3,5 млрд теңгеге 4 оффтейк-келісімшарт жасалды. Жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құруға бағытталған талқылау кезеңінде тағы 19 жоба және 47 жоба бекітілді.
Тараптар әріптестік қарым-қатынастарды дамытуға, бірлескен жұмыс қарқынын ұлғайтуға отандық тауар өндірушілерден сатып алуды 300 млрд. теңгеден 600 млрд теңгеге дейін ұлғайту арқылы орта мерзімді кезеңде жергілікті қамтудың 2 есе өсуін қамтамасыз етуге келісті.
Кездесу соңында қор және Ұлттық палата басшылары 2020 жылды кәсіпкерлікті қолдау жылы деп жариялады.