"Атамекен" ҰКП жұмысының тиімділігі артады

845

"Атамекен" ҰКП-ның жұмысы, нақтырақ айтсақ шағын және орта бизнесті қолдау бағыты бойынша атқаратын жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында функционалдық талдау жүргізу ұсынылады. Бұл туралы үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Атамекен" ҰКП жұмысының тиімділігі артады

Оның баяндауынша, кәсіпкерлікті және бәсекелестікті одан әрі дамыту мақсатында шағын және орта бизнесті қолдау, дамыту бойынша кешенді шараларды іске асыру көзделген.

Реттеу шеңберінде міндетті талаптар тізілімін жаңа парақтан құру жоспарланып отыр.

Шағын және орта бизнесті дамытудың өңірлік бағдарламалары, соның ішінде моноқалалар мен ауылдық елді мекендерге баса назар аудара отырып, атаулы шаралар енгізілетін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу