"Атамекен" Украинадағы қазақстандық жүргізушілердің елге оралуына көмектеседі

1038

Бүгінде бұл елде 24 отандық жүк көлігі бар.  

"Атамекен" Украинадағы қазақстандық жүргізушілердің елге оралуына көмектеседі

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы Украинадағы қазақстандық жүргізушілердің елге оралуына көмектеседі, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы соғыс іс-қимылдарының басталуына байланысты Украинадан шыға алмай жатқан және көрші мемлекеттердің шекара маңындағы отандық жүк көліктері туралы деректер жинайды.

"Қазір Украинадағы қазақстандық жүргізушілер өміріне, көлік компанияларының тауарды жеткізу және сақтауға қатысты міндеттемелеріне қауіп төніп тұр", – деп жазылған хабарламада.

"Атамекен" дерегінше, бүгінде Украинадан 24 қазақстандық жүк көлігі шыға алмай тұр. Олардың көбі Киев облысында тұрып қалған, 3 көлікте ғана жүк жоқ.

"Біз ақпаратты жедел жинау үшін жүргізушілердің барлық чатына арнайы, салалық қауымдастықтарға форманы тараттық. Түскен ақпаратты уәкілетті органдарға келген бойда жіберіп жатырмыз. Сондай-ақ ведомстволарға хат жолдап, қазақстандық тасымалдаушылардың Украина аумағынан Польша, Беларусь арқылы шығуы үшін "жасыл дәлізді" қамтамасыз ету мәселесін Ресей, Беларусь, Украина, Польша  және басқа да тараптармен пысықтауды сұраймыз", – деді "Атамекен" ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Мұрат Амрин.

Ұлттық кәсіпкерлер палатасы деректерді жинауды жалғастырады.

Сіз немесе көлік жүргізушісі Украинадан шыға алмай жатсаңыз, төмендегі нөмірлерге деректерді жіберуді сұраймыз: 1432, +7 778-870-1432 (ҰКП байланыс орталығы)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу