"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VI съезі басталды

1349

Жиын "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер паласының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевтың құттықтау сөзімен ашылды.

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының VI съезі басталды

Мандаттық комиссия хаттамасы таныстырылып, есеп комиссиясының құрамы бекітілгеннен кейін талқы таразысына салынатын мәселелер күн тәртібіне қойылды.

Съезде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жататын "Атамекен" ҰКП қызметінің қорытындысына қатысты жыл сайынғы есепті бекіту, "Атамекен" ҰКП төралқасы жекелеген мүшелерінің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және сайлау, "Атамекен" ҰКП жарғысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, "Атамекен" ҰКП-ның үшжылдық кезеңге арналған индикативті ортамерзімді бюджетінің кейбір мәселері сонымен қатар "Атамекен" ҰКП ревизиялық комиссиясының жылдық есебін бекіту және ревизиялық комиссия туралы ережеге өзгеріс енгізу мәселелері қарастырылатын болды.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу