Қаңтар оқиғасын ұмытпау керек - бензиннің қымбаттауына қатысты сарапшы пікірі

487

Мұнай-газ саласының трейдинг саласын цифрландыру керек.

Қаңтар оқиғасын ұмытпау керек -  бензиннің қымбаттауына қатысты сарапшы пікірі Фото: aшық дереккөзден

Бүгін ғана жасақталып біткен атқарушы билік алғашқы отырысын бағаны қымбаттатудан бастады. Үкіметтің бұл шешімін сарапшылар да түсінбей дал. "Неге өйтті екен?" деген мамандар шенеуніктерге, тіпті, "қаңтар оқиғасын" да ұмытпау қажеттігін ескертеді. Өйткені, былтыр бұқара отын бағасының күрт өскеніне нарызылық білдіріп, арты немен аяқталғаны бәрімізге аян.

Нақты мысалдар келтірген  мұнай-газ саласының сарапшысы Асылбек Жәкиев бағаны 20 пайызға көтерген билік бензинді көлеңкелі жолмен сыртқа таситындардан бәрібір құтылмайтынын айтады. Өйткені, мәселені шешу үшін бағаны Ресеймен теңестіру керек болады.

Сала сарапшысы: "арадағы делдалдармен күресті жандандыру қажет",- дейді.

"Халықты ойлау керек. Бәріміз ұмытпайық ана жылы қаңтар айында қандай лузунг болды. Атқарушы оргнадар, жалпы билік осы мәселені қарастыру керек.  Екінші мәселе мұнай-газ саласының трейдинг саласын цифрландыру керек. Биржалар анық жұмыс істеу керек. Үшінші демонопилизацияның мәселесін көтеру керек. Мәселе неде болды? Баға неге жоғары олды, мына ортасында отырған делдалдар. Сондықтан соның бәрін алып тастау", - дейді мұнай-газ саласының сарапшысы Асылбек Жакиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу