Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың банктік шоттары, несиелері мен депозиттері тексерілуі мүмкін

116

Бастамашы топ мұндай өзгерістер әлеуметтік көмекті әділ бөлуге мүмкіндік береді деп түсіндіреді.     

Атаулы әлеуметтік көмек алатындардың банктік шоттары, несиелері мен депозиттері тексерілуі мүмкін Фото: baq.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жоспары бойынша, отбасылардың нақты қаржылық жағдайын бағалау үшін жаңа критерийлер енгізіледі, деп жазады inbusiness.kz сайты Tiek телеграмм арнасына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, банк шоттарындағы ақша қозғалысы, шығын операциялары, депозиттердің болуы және несиелік міндеттемелер толықтай ескеріледі.

Министрлік мұндай өзгерістер әлеуметтік көмекті әділ бөлуге мүмкіндік береді деп түсіндіреді. Яғни мемлекеттік қолдау шын мәнінде табысы кедейлік шегінен төмен азаматтарға ғана берілуі тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу