Атаулы әлеуметтік көмек жобасына қатысушылардың кірісі 3 есе артқан

792

Атаулы әлеуметтік көмек жобасына қатысушылардың кірісі 3 есе артқан

Атаулы әлеуметтік көмек жобасына қатысушылардың жан басына шаққандағы кірісі 3,1 есеге өсті. Бұл туралы баспасөз мәслихатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.

2017 жылдың 1 қазанындағы жағдайға сәйкес, аталған жобаға қатысушылар саны 161,7 мыңға жеткен. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,3 есеге артық. Жобаға қатысушылардың жан басына шаққандағы кірісі 3,1 есеге өскен.

2018 жылдың 1 қаңтарынан жаңа сипаттағы атаулы әлеуметтік көмекке жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінің 50 пайызынан төмен болатын отбасылар қатыса алады.

"Өрлеу" жобасы – бұл әлеуметтік келісімшарт негізіндегі қаржылай көмек көрсету шараларының кешені. Аталған жоба табыс көзі төмен азаматтарды қолдауға бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу