Атбасар темір жол станциясының бастығы ірі көлемде пара алған

105

Темір жол станциясының бастығы пара алды деген күдікпен ұсталған.  

Атбасар темір жол станциясының бастығы ірі көлемде пара алған Фото: rail-news.kz

Бұл ақпаратты Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Аталған тұлғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес, өзге мәліметтер жария етуге жатпайды", – делінген хабарламада.

Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында шенеуніктің станциядағы кірме жолға иелік ететін жекеменшік компания басшысынан 6 миллион теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

Сонымен қатар, ол ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылғаны айтылған. Алайда, бұл мәліметтер расталмаған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу