Атбасардағы тасқын судың беті қайта бастады

675

Атбасардағы тасқын судың беті қайта бастады

Өзге де жаңызды жаңалықтар! Атбасардағы ахуал тұрақтай бастады. Судың деңгей 2 метрге дейін түскен. Мұндай ақпарды бүгін аудан әкімі Александар Никишов телефеон арқылы жеткізді. Дегенмен әлі де өңірге көмек қажет. Тұрғындар үйлеріне қайта қоймаған. Еске салса, екі күннен бері Ақмола облысына қарасты осы аймақта тасқын су жүріп, бірнеше ауыл бүлінген еді. Салдарынан 200-ге жуық үйді су басып, 500-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілген Бөгет салушыларға қатысты қылмыстық іс қозғалғаны да мәлім болды. Соған сәйкес, тиісті мамандар тексеріс жұмыстарын бастап кетті.

Александр Никишов, Атбасар ауданының әкімі:

"Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Тасқын су ортасында иесіз қалған үйлер мен орындарға күзет қойылды. Су деңгейі азайып келеді. Кеше ең терең нүктесі 6,1 метр болса бүгін 4,5 метрге түсті. Келген шығын құны әзірге белгісіз. Сарапшылар мен мамандар мән-жайды толық зерттегесін белгілі болады. Үйлерге күрделі жөндеу жсалама әлде бұзуға тура келе ме оның бәрі талдап-тексеріп нақты шешім қабылданғаннан кейін анықталады".

Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге қор ашылды

Ақтөбеде жағдай әлі де қиын. Су деңгейі түсе қойғамаған. Әсіресе, Қарғалды тоғанын қауіш күшті. Сондықтан ондағы су қазір шетінен жібереліп, арнаны жауапты мамандар күзетіп жүр. Өңірде әлі де төтенше жағдай жарияланған. Елек, Жіңішке өзендерінің сағасында отырған жұрт толық көшіріліп біткен жоқ. Соңғы деректер бойынша, саяжайдағы 579 үйді су басып, бесеуі қираған. Жергілікті билік әзірге шығын есептеу мүмкін емес екенін айтады. Сондай-ақ, су тасқынан зардап шеккендер арнай қор құрылып отыр.

Автор: Арай Сүгірбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу