Әйелдердің не себепті жанжалдасқаны әзірге белгісіз, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Атбасар қаласының тұрғыны өз пәтерінде бірнеше рет пышақ жарақатын алған. Алдын ала мәлімет бойынша, 58 жастағы әйелге көршісі пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен әйелді құтқару үшін полиция қызметкерлері пәтердің есігін бұзуға мәжбүр болған.
Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу