Атом энергиясы саласының мамандары біліктілігін шетелде арттырады

875

Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев елімізде қанша жоғары оқу орны атом энергиясы саласының мамандарын даярлайтынын айтты.    

Атом энергиясы саласының мамандары біліктілігін шетелде арттырады

Министр бұл мәліметті сенатор Нұрлан Қылышбаевтың сұрағына жауап беру барысында жариялады, деп хабарлайды іnbusiness.kz.

"Еліміздің 5 жоғары оқу атом энергиясы саласының мамандарын 
даярлайды. Олардың түлектері атом энергиясын пайдалану мекемелеріне бағыттайды", – деді Нұрлан Ноғаев.

Министрдің мәлімдеуінше, атом энергиясы саласының мамандары Л.Гумилев атындағы ЕҰУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да С. Аманжолов атындағы ШҚМУ мен Семей мемлекеттік университетінде сонымен қатар Алматы энергетика және байланыс университетінде білім алады. 

"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ресейдің Дубна қаласындағы университетпен тәжірибе алмасып отыр. Мамандарымызға АҚШ, Жапония энергетика агенттіктерінде біліктілігін арттыру мүмкіндігі беріліп отыр", – деді Нұрлан Ноғаев.

Қанат Махамбет 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу