Аты аңызға айналған алапат күш иелері туралы екі томдық кітап жарық көрді

1173

Елордада қазақша күрес пен балуандарға арналған "Балуан тас" атты екі томдық кітаптың тұсаукесері өтеді.

Аты аңызға айналған алапат күш иелері туралы екі томдық кітап жарық көрді

22 желтоқсан күні, сағат 15:00-де ҚР Ұлттық музейі Ғылыми кітапханасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығына арналған мәдениеттанушы-лингвист Абылайхан Қалназаровтың "Балуан тас. Балуандар мен күрес өнеріне байланысты аңыз-әфсаналар, қисса-дастандар, ел аузындағы әңгімелер (тарихи деректер)" атты екі томдық авторлық-жинақ кітабының тұсаукесері өтеді.

Кітапқа қазақ халқының балуандары мен күрес өнеріне қатысты аңыз-әфсаналары, қисса-дастандары, ел аузындағы әңгімелер, кейбір жекелеген тарихи деректер енгізілген. Басты мазмұнды аты аңызға айналған алапат күш иелері мен олардың балуандық жолындағы тосын хикаялары мен оқиғалары, шешендік сөздерінің шоғыры құрайды. Мұнда қазақша күрес пен жекпе-жек дәстүрі көшпенді қоғамның азаматтық құндылықтары тұрғысынан қарастырылған.

Кітап жаңалығы – ұлттық спорт пен дегдарлық мәдениет туралы жаңа көзқарас қалыптастырады. Сонымен қатар баяндалған оқиғалардың танымдық-патриоттық тұрғыда маңызы аса зор.

Іс-шараға Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев, Қазақстан барысы Ержан Шынкеев және басқа да танымал тұлғалар мен эстрада жұлдыздары, білім-ғылым, БАҚ және спорт саласы өкілдері қатысады деп күтілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу