Атырау әкімдігі 4 млн теңгеге 10 калькулятор сатып алмақшы болған

168

Тиісті хабарландыру мемлекеттік сатып алу порталында 8 сәуірде жарияланды.    

Атырау әкімдігі 4 млн теңгеге 10 калькулятор сатып алмақшы болған Фото: Сайттан скриншот

Атырау қалалық әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі 10 калькулятор сатып алуға шамамен 4 миллион теңге бөлінгені туралы тендер жариялаған, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Бастапқыда бұл қарапайым бухгалтерлік калькуляторларды сатып алу сияқты көрінген. Алайда оған бөлінген сома жұртты таңғалдырмай қоймады. Жалпы құны – 3 млн 925 мың 890 теңге. Бір калькулятор шамамен 400 мың теңгеге бағаланып отыр. Мұндай қаржыға жай есептеу құралдарын емес, бірнеше қуатты, жоғары өнімді ноутбук сатып алуға болатыны белгілі.

Өтінім қабылдау үшін берілген қысқа уақыт ішінде конкурсқа екі әлеуетті жеткізуші қатысуға үлгерген. Алайда қазіргі уақытта бұл тендер күшін жойған ретінде көрсетілген.

Әлеуметтік желілерде бұл жағдай қызу талқыланып, "алтын калькуляторлардың" қандай ерекше мүмкіндіктері болуы мүмкін деген әзіл аралас пікірлер тарады.

Калалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарландыруда көрсетілген баға қате екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, бұл қате сандық мәндегі нүктенің дұрыс қойылмауынан туындаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу