Атырау әкімдігі мектеп салу үшін инвесторға жер бермеген

866

Инвестицияның жалпы сомасы 4,5 млрд теңгені құрайды.  

Атырау әкімдігі мектеп салу үшін инвесторға жер бермеген Фото: atpress.kz

Атырау облысының прокуратурасы Жалпыұлттық пулға енгізілген "NURORDA" мектеп-лицейі" ЖШС-нің құқықтарын қалпына келтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Компания Атырау қаласында 600 орындық жекеменшік мектеп салу бойынша инвестициялық жобаны жүзеге асырып жатыр. Жобаны іске асыру өңірдің білім беру инфрақұрылымын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған.

Инвестордың өтінішін қарау барысында Атырау қаласының әкімдігі алаңы 1,5 гектар болатын жер учаскесін беруден негізсіз бас тартқаны анықталды. Бұл ретте бұған дейін Өңірлік үйлестіру кеңесі оң шешім шығарып, бұл жобаны инвестициялық деп таныған болатын.

Прокурорлық қадағалау актісімен заңбұзушылықтар жойылып, сұралған жер учаскесі инвесторға берілді. Жобаны жүзеге асыру қайта басталды.

Жіберілген заңбұзушылықтар үшін кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу