Атырау – Ақтөбе жолында мотокөлік жүргізушісі "Газельмен" соқтығысып, қаза тапты

511

Жол апаты дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр.

Атырау – Ақтөбе жолында мотокөлік жүргізушісі "Газельмен" соқтығысып, қаза тапты Фото: liter.kz

Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 20 қазанда сағат 9 шамасында республикалық маңызы бар жолда болған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Полицияның мәліметі бойынша, Атырау – Ақтөбе жолында Ular H7 мотокөлігі мен "Газель" автокөлігі соқтығысқан.

Апат салдарынан мотокөлік жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Полиция қызметкерлері көліктердің не себептен соқтығысып қалғанын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу