banner

Атырау-Астрахань күре жолының құрылысы басталады

1007

Атырау-Астрахань күре жолының құрылысы басталады

Еліміздің батыс өңірлерін Ресей арқылы Еуропамен жалғайтын "Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автомагистралі бүгінде 16 бөлікке бөлініп, сметалық жобалау құжаты жасалды, деп хабарлайды  khabar.kz.

Ұзындығы 1000 шақырымнан асатын жол күрделі жөндеуден өтсе, Атырау тоғыз жолдың торабына айналып, көлік инфрақұрылымы жаңа белеске көтеріледі. Бүгінде Атыраудан Астраханьға қатынайтындар үшін жол азабын айтып жеткізу қиын. Соңғы 30 жылда күрделі жөндеу көрмеген күрежол адамды да, көлікті де титықтатып жібереді.
Жол қатынасының нашарлығынан Атырау арқылы Ресейге шығатын көптеген көліктер мұнайлы өңірді айналып өтуге мәжбүр. "Нұрлы жол" бағдарламасы жүзеге асқанда Атырау арқылы Орта Азиядан шығатын көліктер 300 шақырымдай жолды үнемдейді екен. Бұл мыңдаған тонна жүк тасымалы мен жолаушылар қатынасы үшін үлкен жеңілдік болм
2-ші санатты жаңа жол құрылысы осы заманғы ең озық технологияға негізделген. Оның ені 9 метр, бір белдікке түсетін жүктің салмағы 13 тоннадан асады. Демек ауыр салмақты жүк көліктері үшін кедергі жоқ. Атырау-Астрахань күре жолының жобасы  толықтай дайын.
"Ақтөбе-Атырау-Астрахань" автомагистралі жобасын қаржыландыру Ислам даму банкі арқылы жүзеге асады. Жобаға 80 миллиард теңге шамасында қаржы қарастырылған. Оның аяқталу мерзімі 2020 жылдың соңы деп белгіленген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу