Биылдан бастап жүк көліктеріне Атырау-Астрахань бағытындағы жол ақылы болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау облысы филиалының директоры Ардақ Қайреденовтің айтуынша, жеңіл көліктер үшін жол тегін болып қала береді. Бұл бастама жолдардың сапасын сақтап, оларды тұрақты күтіп-ұстау үшін енгізіліп отыр.
Айта кетейік, жақында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев биыл ақылы жолдардан 100 млрд теңге түсуі мүмкін айтты.
Ал былтыр ақылы жолдардан 90 млрд теңгеге тарта қаражат жиналғаны хабарланды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу