Атырау-Астрахань тасжолының 9 шақырымы пайдалануға берілді

574

Атырау-Астрахань автожолының (824-833) шақырым арасы көлік қозғалысы үшін ашылды, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау-Астрахань тасжолының 9 шақырымы пайдалануға берілді

Атырау – РФ шекарасы (Астрахань) автожолының Атырау облысына қарасты учаскесінің ұзындығы 217 шақырымды құрайды. Тасжол 4 учаскеге бөлінген. Оның алғашқы (824-833 шақырым арасы) 9 шақырым құрайтын бөлігінің төменгі қабат жабындысы арқылы көлік қозғалысына рұқсат берілді.

Жол төсемінің ені – 9 метр, қалыңдығы – 57 сантиметр. Жоба аясында 220 маман мен 163 арнайы техника жұмылдырылды.

Сондай-ақ жолдың бойында орналасқан елді мекендердің тұсына мал өтетін өткелдер мен автобус аялдамалары, көлік тұрағымен қоса көпірлер салынады деп жоспарланған.

Еске сала кетейік, Республикалық маңызға ие "Атырау-Астрахань" тас жолы бойынша қайта жаңғырту жұмыстары 2018 жылы басталды. 2023 жылы толықтай пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу