Атырау әуежайына Qazaq Air ұшағы шұғыл түрде қонды

373

Ұшақ Ақтөбеден Бакуге ұшқан.

Атырау әуежайына Qazaq Air ұшағы шұғыл түрде қонды

"Ішінде 37 жолаушы бар ұшақ 5 ақпан күні Астана уақытымен 19:21-де (Атырау уақытымен 18:21) қонды. Ұшақ жолаушылардың біріне шұғыл медициналық көмек қажет болғандықтан қондырылды. Экипаж алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жақын жердегі әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Әуежайға қонғаннан кейін жолаушыны жедел жәрдем алып кетті", - деп хабарлады әуе компаниясы.

Қазіргі уақытта оның өміріне төнген қауіп жоқ.

"Әуе компаниясының экипажы осы рейсте болған кардиолог Гүлшан Мамедоваға көрсеткен көмегі мен кәсібилігі үшін алғысын білдіреді", - деп толықтырды әуе компаниясы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу