Атырау әуежайында құстар ұшаққа соғылды

668

Әлеуметтік желілерде құстар ұшаққа​ соғылғаны туралы ақпарат тарады.

Атырау әуежайында құстар ұшаққа соғылды Фото: Inbusiness.kz

Оқиға Qazaq Air әуе компаниясының Q-400 Dash 8 ұшағының қонуы кезінде болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Алдын ала мәлімет бойынша, қанат механизациясына зақым келген. Техникалық мәселелер шешілгенше ұшақ уақытша пайдаланудан шығарылды, деп жазды АқЖайық басылымы.

Жолаушылар осы әуе акомпаниясының әуе кемелерінің ұшуы/қонуы туралы ақпаратты нақтылау үшін ресми ақпараттық ресурстардан тексеруі қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу