Атырау автопаркі жаңа 50 автобуспен толықтырылмақ

1202

Сондай-ақ облыста электрлік автобустарды сынақтан өткізу туралы шешім қабылданды.

Атырау автопаркі жаңа 50 автобуспен толықтырылмақ

Жақын арада Атырауда "Сарыарқа АвтоӨндіріс" ЖШС монтаждау желісінің жаңа автобустары жолға шығарылады, деп  хабарлады "Сарыарқа АвтоӨндіріс" ЖШС баспасөз қызметі.

Сатып алушы "Теңізшевройл" ЖШС компаниясы өз қаражаты есебінен қалалық автопаркті 50 автобуспен толықтырмақ. Бүгінгі күнге дейін келісімшарт шеңберінде 30 Ankai автобусы Atyrau-Avtopark жаңа автобус паркіне жеткізілді.

86 жолаушыға шақталған, ұзындығы 10,5 м Анкай автобустарын Атыраудан бөлек Павлодар, Ақтау, Шымкент қалаларының автопарктері де сатып алуға қызығушылық танытып отыр.

Бұдан басқа, Атырау қаласының әкімдігі мен "Сарыарқа АвтоӨндіріс" өндірушілері арасында "БРК-Лизинг" АҚ флотын жаңарту бағдарламасына сәйкес, газбен жүретін 150 автобус сатып алу туралы меморандумға қол қойылды. Сонымен қатар қалада электрлік автобустарды сынақтан өткізу жоспарлануда, содан кейін пилоттық жоба шеңберінде қалалық маршруттарда пайдалану үшін осындай 10 автобус сатып алынбақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу