Атырау-Индер жолын жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталады

145

Атырау облысындағы маңызды бағыттардың бірі – Атырау-Индер автожолының орташа жөндеу жұмыстары биыл қайта жанданды.  

Атырау-Индер жолын жөндеу жұмыстары биыл толық аяқталады Фото: Атырау қаласы әкімдігі

Мердігерлер жөндеу жұмыстарын жыл соңына толық аяқтап, қолданысқа береміз деп сендіріп отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Теміржол Құрылыс Атырау" ЖШС директорының орынбасары Азат Күшманов осылай мәлімдеді

– Былтыр басталған орташа жөндеу жұмыстары қыс мезгілінде тоқтап, биыл қайта қолға алынды. "ТҚА" ЖШС-на тиесілі орташа жөндеудің құрылысы 50 шақырымды құрайды. Бүгінде мамандар өткен жылы фрезерленген 20 шақырымға жөндеу жүргізіп жатыр. Сондай-ақ, осы бөлікті аяқтағаннан кейін қалған шақырымдарды жыл соңына дейін біртіндеп жасауды жоспарлап отырмыз. Ескі асфальт-бетон жабындысын алып тастап, жолдың негізін қайта нығайттық. Сонымен қатар, жол жиектері бекітіліп, суағарлар жаңартылды. Бұл – жолдың ұзақ сақталып, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, – деді Азат Күшманов.

Оның айтуынша, қазір жолдың ІІІ және ІІ техникалық санаттарына сәйкес келетін төменгі және жоғарғы қабатына асфальт төсеу жұмыстары басталып жатыр. Бұл іске 20 техника мен 15 маман жұмылдырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу