"Атырау" клубына Алекс Кристиан Джуниор келді

1134

Ол еркін агент ретінде тартылып отыр.

"Атырау" клубына Алекс Кристиан Джуниор келді

"Атырау" футбол клубы Гаити құрамасының ойыншысы Алекс Кристиан Джуниормен келісім-шартқа отырды. Ол 1993 жылы дүниеге келген, сол жақтан қорғаушы позициясындағы халықаралық кластағы футболшы саналады. Бұған дейін "Вила-Реал", "Боавишт", "Арарат-Армения" футбол клубтарымен келісім-шартқа отырған. Соңғысында ол екі рет Армения чемпионы атанады. 

"Transfermarkt" мәліметі бойынша, гаитилік футболшының трансферттік бағасы 200 мың евро құраған. Алайда, "Атырау" футбол клубының баспасөз қызметі Алекс Кристиан Джуниорды командаға тарту үшін ешқандай ақша төленбегенін айтады. Келісім-шарт расымен де жасалған, алайда, ол топқа еркін агент ретінде қабылданыпты. Оған басқа ойыншылар сияқты тек қана жалақы төленбек. Мұндай кезде трансфертті төлеу "Атырау" ФК құзырына кірмейді. 

Қазіргі күні "Атырау" футбол командасы Түркияда қысқы оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу