Атырауда бұрын сотты болғандар мектепте күзетші болып жұмыс істеген

173

Прокуратура Атырау қаласындағы барлық білім беру ұйымдарында жүргізілген тексерістің нәтижесін жариялады.  

Атырауда бұрын сотты болғандар мектепте күзетші болып жұмыс істеген Фото: kstnews.kz

Атырау қаласының прокуроры Мерген Меңдіғалиевтің айтуынша, бірқатар мектепте жеке күзет ұйымдарының қызметкерлері қолданыстағы заң талаптарына сәйкес келмейтіні анықталған, деп жазады inbusiness.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

5 күзетші бұрын сотталған болып шықты. Олардың қылмыстары жеке тұлғаға қарсы жасалған қылмыстар санатына жатпайды. Қазіргі таңда олардың еңбек шарттары бұзылған.

Сонымен қатар, 51 жастан 72 жасқа дейінгі 177 күзетші білім басқармасы бекіткен мектептердегі күзет қызметіне қойылатын жас талаптарына сәйкес келмеген.

Тексеру барысында кейбір мектептегі бейнебақылау камералары мен Police SOS дабыл түймелері де істен шыққаны анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижесінде барлық анықталған заңбұзушылықтар жойылды. 19 мектеп директоры ескерту түріндегі тәртіптік жазаға тартылса, тағы бесеуіне сөгіс берілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу