Атырау МӨЗ қашан толық қуатында жұмыс істейді?

1235

Министрдің орынбасары МӨЗ-дерге күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан кезде елде бензин және дизель отыны тапшылығы болмайтынын атап өтті.

Атырау МӨЗ қашан толық қуатында жұмыс істейді?

Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Атырау, Шымкент, Павлодар
мұнай өңдеу зауыттары (МӨЗ) қашан күрделі жөндеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Ол Атырау мұнай өңдеу зауытында күрделі жөндеу жұмысы күзге жоспарланғанын, алайда бұл жұмыс ерте аяқталуы мүмкін екенін жеткізді.

"27 наурызда Атырау МӨЗ-інде каталикалық крекинг және каталикалық риформинг қондырғысын іске қосамыз. Ал 15 сәуірден бастап зауыт толық қуатында жұмыс істейді деп жоспарлап отырмыз", - деді вице-министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Әсет Мағауов Шымкент, Павлодар мұнай өңдеу зауыттарында күрделі жөндеу қашан жүргізілетінін айтты.

"2021 жылдың қаңтарында Атырау облысында энергиямен қамтамасыз ету мәселесіне қатысты қиындық туындады. Салдарынан Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеуді 2 апта кейінге шегеруге мәжбүр болдық. Онда 10 сәуір – 9 мамыр аралығында күрделі жөндеу жүргіземіз деп отырмыз.

Ал күзде Павлодар МӨЗ-і күрделі жөндеуден өтуі мүмкін. Бірақ бұл мәселені әлі талқылап жатырмыз. Зауыттың нақты қашан күрделі жөндеуден өтетінін айта алмаймыз", - деді министрдің орынбасары.

Сонымен қатар вице-министр мұнай өңдеу зауыттарында күрделі жөндеу жүргізіліп жатқанда елде бензин тапшылығы болмайтынын атап өтті.

"Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету үшін осы жылдың қаңтарынан мұнай өнімдерін экспортқа шығаруды тоқтаттық. Ондағы мақсат – бензин мен дизель онының қорын арттыру.

Елімізде бензиннің қоры 200 мың тоннадан 250 мың тоннаға көбейді. Дизель отынының қоры да жеткілікті. Ішкі нарықты мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету үшін Шымкент МӨЗ-де күрделі жөндеудің уақытын шегердік", - деп түйіндеді сөзін Әсет Мағауов.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу