Атырау мұнай өңдеу зауыты 14 мың тонна бензол экспорттады

1098

Атырау мұнай өңдеу зауыты 14 мың тонна бензол экспорттады

Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанда тұңғыш рет экспортқа мұнай химиясына арналған шикізат - бензол шығара бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"2017 жылы  8 951,2 тонна бензол шығарылды. Бұл жоспарланған межеден 104 пайызға артық. Бензол өндірісі қолға алынған уақыттан осы күнге дейін 14 380,8 тонна өнім дайындалды. Аталған өнім түгелдей Ресейге экспортталды. "Тазартылған бензол -545" сертификаты бар тауар барлық халықаралық талаптарға толығымен жауап береді", - деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.

Бензол - ең көп таралған мұнай химиялық өнім. Пластмассада оның үлес салмағы 33 пайыз, каучук пен резеңкеде 66 пайыз, синтетикалық заттарда 80 пайызға дейін жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу