"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізілмек

520

Атырау облыстық экология департаменті жергілікті қоғам өкілдерімен бірге Атырау қаласының қоршаған орта жағдайына мониторинг жүргізді.

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға жоспардан тыс тексеру жүргізілмек

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты жоспардан тексеру жүргізілмек. Бұған ағын су шығарындылары нүктесінде құрамында мұнай өнімдері көп қалдық анықталғаны себеп, деп хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

"Тексеру барысында "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС ағын су шығарындылары нүктесінде құрамында мұнай өнімдері көп қалдық тасталғаны анықталды. Жылдам әрекет ету мақсатында облыстық Экология департаментінің зертханалық-сараптамалық бөлімі қалдықтардың сынамасын алды. Алынған сынамалар әрі қарай анализ жүргізуге жіберілді. Қазіргі уақытта "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізуге қатысты дайындық іс-шарасы жүргізілуде", – деп жазылған ведомствоның хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу