Атырау мұнай өңдеу зауыты зиянды қалдық шығарды

1265

"Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға зиянын тигізуде".  

Атырау мұнай өңдеу зауыты зиянды қалдық шығарды

Мұнайлы өңірдегі табиғат жанашырлары осылай деп дабыл қақты, деп хабарлайды "Atameken Business".

Олардың сөзінше, кеше зауыт нормативтен тыс зиянды қалдық шығарған. Нақтырақ айтсақ, биологиялық тазалау қондырғысынан шыққан ақауға байланысты мұнай аралас су қоршаған ортаға жайылды. Апатты жағдайға байланысты мекеме май аралас суды арнайы полигонға жіберуге мәжбүр болыпты. Қазір  техникалық ақау қалпына келтіріліп жатқан көрінеді.  Ал қоршаған ортаға келтірілген залал мен апатты жағдайдың себебін экологтардан құрылған арнайы комиссия анықтайтын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу