Атырау мұнай өңдеу зауытына бір миллион теңгеден астам айыппұл салынды

988

Атырау мұнай өңдеу зауытына бір миллион теңгеден астам айыппұл салынды

Мұнайлы өңір тұрғындарының алаңдаушылығын туғызған жағымсыз иіс Атырау мұнай өңдеу зауытынан тараған. Бұл жүргізілген тексеріс жұмыстарының нәтижесі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық экология департаментінің басшысы Қабижан Қапанов айтты, деп хабарлайды atpress.kz.
Айтуынша, тұрғындар мен табиғат қорғау прокуратурасы өкілдерінің шағымдары бойынша жүргізілген жоспардан тыс тексеріс барысында екі заңбұзушылық анықталған. Біріншіден, күрделі жөндеу барысында қоршаған ортаға әсерді бағалау жобасы жасақталмаған. Сондықтан зауытқа 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни бір миллион теңгеден астам айыппұл салыныпты. 

Ал, екінші заңбұзушылық – қолайлы емес ауа-райы жағдайына қатысты талаптар орындалмаған. Зауыт қала аумағында орналасқанымен, жұмыс жүктемесі азаймаған. Оның үстіне, "Қазгидромет" орталығынан дауылдың болатындығы жөнінде алдын ала ескертулер түсіп отырған. 

Айта кетейік, бүгінде Атырауда ауа құрамын зерттейтін арнайы құрылғы жоқ. Жабдықтар соңғы 3-4 жылдықта жаңартылмаған. Бұл табиғат қорғау бағытындағы іс-шараларға кедергі келтіріп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу