"Атырау мұнай өңдеу зауытының" бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды

1437

Күдіктіге ақша жымқырды деген айып тағылған.

"Атырау мұнай өңдеу зауытының" бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Шухрат Данбай ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Агенттік мәліметіне сүйенсек, Шухрат Данбай Атырау МӨЗ-ге қажетті құрылғы алу үшін  бөлінген ақшаны жымқырған. Ол 16 ақпанда Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына сәйкес ұсталып, Атырау қаласы Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Агенттікктің Атырау облысы бойынша аумақтық департаменті "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС-ның бұрынғы бас директоры Ш.А. Данбайға қатысты ҚР ҚК-ның 189-бабының 4-бөлімі 2-тармағымен, яғни Атырау МӨЗ-ге қажетті құрылғы алуға бөлінген ақша қаражатын жымқыру дерегімен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген агенттік таратқан хабарламада.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу