Атырау облыстық әкімдігінде екі басқарманың жаңа басшысы тағайындалды

1126

 Атырау облыстық әкімдігінде екі басқарманың жаңа басшысы тағайындалды

Алдымен, аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс активіне кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысын таныстырды. Облыс әкімінің өкімімен бұл лауазымға Айқын Қылышұлы Елеусізов тағайындалды, деп хабарлайды atpress.kz.

Айқын Қылышұлы Елеусізов 1986 жылы 28 қаңтарда дүниеге келген. Білімі – жоғары, Қазақ гуманитарлық заң университетін "қаржыгер" мамандығы бойынша тəмамдаған. Сонымен қатар, Қазақ қатынас жолдары университетінен экономика ғылымдарының магистрі атағын алған. Еңбек жолын Астана қаласы бойынша қазынашылық департаментінде мемлекеттік органдармен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. 2009-2013 жылдары Халықаралық  ынтымақтастық және транзиттік саясат департаментінің транзиттік саясат басқармасында бас сарапшы, 2014-2016 жылдары экономикалық интеграция департаментінің көлік және инфрақұрылым басқармасының басшысы, 2016 жылдың қазан айынан бері Атырау облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы қызметін атқарып келеді.

Ал облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы болып Роллан Қабылұлы Құспан тағайындалды. Ол 1987 жылы 16 қыркүйекте дүниеге келген. Білімі – жоғары, Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетін Есеп және аудит бакалавры, Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін "Құқық бакалавры" бойынша тәмамдаған. Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінен "Аймақтану магистрі" атағын алған. 

Еңбек жолын 2009 жылы "Қазақстан жастарының Конгресі" заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінде есепші қызметінен бастаған. 2010-2012 жылдары "Қазақстан жастарының Конгресі" бірлестігі директорының орынбасары, 2013-2014 жылдары осы бірлестіктің атқарушы директоры, 2014-2015 жылдары аралығында "Жас Отан" жастар қанатының Республикалық қоры" Корпоративтік қоры директорының орынбасары қызметтерін атқарған. Ал 2016 жылдың қыркүйегінен бері Алматы қаласы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы қызметінде болды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу