Атырау облыстық ауруханасы біртіндеп бұрынғы режиміне оралуда

1034

Алдағы күндерде онда күрделі оталар жасала бастайды.

Атырау облыстық ауруханасы біртіндеп бұрынғы режиміне оралуда

Атырау облыстық ауруханасы инфекциялық орындар санын азайтып, жоспарлы емдеу шараларына дайындалып жатыр. Қазіргі уақытта ауруханада таза аймақ жасақталуда.

"Ендігі кезекте хирургиялық, неврологиялық, оңалтуды қажет ететін бейінді науқастарды емдеуді бастаймыз. Тамыз айының ортасында күрделі оталарды аурухана аясында жасай береміз деп отырмыз", – дейді Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиев.

Айта кету керек, Атырау облыстық ауруханасы шілде айының басынан бері 400 кереуеттік инфекциялық стационар ретінде жұмыс жасады. Қазіргі таңда мұнда науқастардың саны азайды.

"Бұрын қабылдау бөлімшесіне тәулігіне инфекциялық аурумен алпысқа жуық науқас түсетін. Қазір тәулігіне 15-ке дейін науқас қабылдаудамыз. Бүгінгі күні инфекциялық стационарда ем қабылдап жатқан 137 науқас бар. Енді тамыз айынан бастап екі жүз кереуетке  жоспарлы түрде емделетін науқастарды қабылдауға дайындалып жатырмыз", - деді Ербол Иманғалиев.

Еске сала кетелік,  Атырау облыстық ауруханасының  инсульттік, зақым-жарақат бөлімшелері пандемия уақытында да жұмысын тоқтатпай, науқастарды үзіліссіз қабылдап отыр.

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу