Атырау облысы әкімдігі оқушылардан арманын жазуды өтінді

1049

Атырау облысы әкімдігі оқушылардан арманын жазуды өтінді

Мектеп оқушыларына арналған ерекше хабарлама Атырау облысы әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасында жарияланды. Аймақ басшысының баспасөз қызметі жас өрендерді армандарын қағазға түсіріп, пошта арқылы әкімдікке жіберуді сұраған. 

"Достарыңа, жақындарыңа, ауылыңа, көшеңе өзің қандай жақсылық жасауды армандайсың? Оларға нендей нәрселер керек? Жақындарыңа көмектесу үшін өзің не істеп жатырсың және не істегің келеді? Осыларды жақсылап ойлан. Содан соң сол армандарың мен мақсаттарыңды қағазға түсіріп бізге жібер", – делінген хабарламада.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұл бастама оқушыларды армандауға, алдында мақсат қойып сол бағытта жұмыс істеуге үйретеді. Олар хатты Атырау облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметі бөліміне жолдауды сұраған. 

"Біз сенің хатыңды міндетті түрде оқимыз. Сен секілді арманшыл, мақсатшыл жастың бар екені бізге үлкен үміт, зор қуаныш сыйлайды", - деп жазылған хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу